jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Бұрынғы қызметкер

    "Анасынан айнымаған сұлуым": Төреғали Төреәлі қызын туған күнімен құттықтады

    Төреғали мен Толқын
    Фото: Instagram/tolkynturarbekkyzy

    Әнші Төреғали Төреәлі қызы Тоғжанды туған күнімен құттықтап, келік ақ тілегін өлең жолдары арқылы жеткізді, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    Төреғали Төреәлі қызына арнаған жазбасын Instagram парақшасында бөлісті. Ол перзентінің суретін жариялап, өз құттықтауын жолдаған.

    "Жаным қызым, Тоғжантайым, құлыным, Туған күнің құтты болсын шырыным. Ата-әжеңді қуанышқа бөлей бер Әке-анаңның алып мейірім жылуын.

    Бақытты бол ұзақ болсын ғұмырың. Иығыңнан төгіліп қос бұрымың, "Қазақ қызы" деген атқа лайық бол Анасынан аумай қалған сұлуым", - деп әкелік тілегін білдірді әртіс.

    Желі қолданушылары да құттықтау легін жалғастырды.

    "Тоғжантайды туған күнімен құттықтаймыз! Алланың сүйген құлынан болсын! Салиқалы ұрпақтан болсын! Əлемнің бар жақсылығын Алла нəсіп етсін", "Денсаулығы мықты, бақытты қыз болсын", "Көз қуаныштарыңыз болсын! Ғұмырлы болсын", "Меніңше қызыңыз сізге көбірек ұқсайды", "Әкесіндей елге сыйлы азаматша болып өсе берсін", - деп жазуда көпшілік.

    "Анасынан айнымаған сұлуым": Төреғали Төреәлі қызын туған күнімен құттықтады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.