jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Редактор

    "Өте бақытты отбасымыз": Мөлдір Әуелбекова жеке өмірі туралы жан сырын ақтарды

    Мөлдір Әуелбекова
    Фото: Instagram/moldir.auyelbekova

    Әнші Мөлдір Әуелбекова бүгінде жеке өміріндегі жаңалықтарын бөлісті. Өнер иесі бүгінде ұлымен және қызымен бірге ғұмыр кешіп жатқанын айтты. Ол өткеніне ешқандай өкпесі жоқ екенін жеткізіп, болашақта тағы да ғашық болуы әбден мүмкін екенін алға тартты, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    Мөлдір Әуелбекова өз отбасы мен балаларының әкелерімен қарым-қатынасы туралы жан сырын ақтарды. Әнші олардың араласуына тыйым салмайтынын айтты.

    Сонымен қатар екі некесі сәтсіз аяқталған әртіс бұрынғы ғашықтарына ешқандай өкпесі жоқ екенін жеткізді.

    "Жеке өмірімде бәрі жақсы. Ұлым, қызым үшеуміз өте бақытты отбасымыз. Тағы ғашық болуым мүмкін. Бәрі мүмкін. Біз алдымызда не күтіп тұрғанын білмейміз. Оны мен жорамалдап "жоқ" немесе "иә" деп айта алмаймын.

    Бұйырғанын көреміз. Әркімнің өзінің о бастан жазылған тағдыры бар. Әкелерімен араласуына тыйым салмаймын. Мен өмірімде болып жатқан жалпы жағдайларды қабылдап үйрендім.

    Ол проблемаға айналмас үшін оны қабылдайсың, өкпе-ренішті қалдырасың. Қасымда ұлым, қызым бар. Негативті, өкпе-ренішті, ашу-ызаны арқама жүк қылып сүйреп жүргім келмейді. Ешкімге ренішім жоқ. Бұйырғанын көрдім", - деді ол "1001 түн" бағдарламасында.

    "Өте бақытты отбасымыз": Мөлдір Әуелбекова жеке өмірі туралы жан сырын ақтарды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.