jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Редактор

    "Өткеннің ісі": Аша Матайдың ағасы жеке өміріне қатысты пікір білдірді

    Айдар Асқарбек пен Жарқынай Ханайым қыздарымен
    Фото: Instagram/sakura_rauza

    Отандық актер Айдар Асқарбековтың жеке өмірі бүгінде ел назарында. Қалың көпшілік Аша Матайдың ағасы ажырасып кеткенін жарыса жазуда. Күйеуімен арақатынасында қиындықтар туындағанын Жарқынай Ханайымның өзі де растаған болатын. Бұған дейін Айдар Асқарбеков жеке өміріне қатысты пікір білдірмей, ұзақ уақыт үнсіздік сақтап келген. Бірақ бұл жолы ол көпті қызықтырған тақырып төңірегіндегі әңгімелерге нүкте қойды, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    Айдар Асқарбеков жеке өміріне қатысты келіп түсіп жатқан толассыз сұрақтарға Instagram желісіндегі тікелей эфир кезінде жауап берді. Актер бейтаныс арумен сөйлесіп отырғанда оқырмандары одан Жарқынай Ханайым жайлы сұрай бастады.

    Бұл жайтқа ашуланған бойжеткен актриса жайлы басқа жақта сұрауға кеңес берді. Ал Айдар Асқарбеков болса келіншегі "өткеннің ісі" екенін айтып қалды.

    "Жарқынай жайлы айтпаймыз. Жарқынай өткеннің ісі", - деді ол.

    Желі қолданушылары актердің бұл мәлімдемесін қызу талқылап, өз пікірлерін білдірді.

    "Баласының анасы туралы осылай айтуға қалай дәті барды?", "Өзіңе көп алады екенсің. Жұлдыз болып кеткен", "Араларында бала тұрғанда өткен әңгіме деуге қалай болады?", "Осындай жігіттерге сөзім жоқ. Жарқынай дұрыс істеген", - деп жазды оқырмандар.

    "Өткеннің ісі": Аша Матайдың ағасы жеке өміріне қатысты пікір білдірді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.