jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Бұрынғы қызметкер

    Төреғали Төреәлінің кенже қарындасы да АҚШ-қа аттанды (фото, видео)

    Дина Әлиханқызы
    Фото: Instagram/tattti_kyz

    Әнші Төреғали Төреәлінің кенже қарындасы Дина Әлиханқызы Америка Құрама штаттарына ұшып кетті. Әртістің тағы бір қарындасы Фариза Төреәлі бүгінде жолдасымен АҚШ-та тұрып жатыр, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    Дина Әлиханқызы мұхит асып кеткенін өзінің Instagram парақшасында хабарлады. Ол Нью-Йорк қаласынан түрлі фото мен видео жариялап, демалысы қалай өтіп жатқанын көрсетті.

    Әншінің қарындасы алғашқыда әпкесі мен жездесінің қасына түбегейлі көшіп келуді жоспарлаған. Алайда белгілі себептерге байланысты ол тек біраз уақытқа демалып қайтуға келгенін айтты. Бойжеткен саяхаты аяқталған бойда елге қайтпақ.

    Дина Әлиханқызының Stories-i
    Скриншот: Instagram/tattti_kyz

    Дина АҚШ-қа келген бірінші күнінен бастап, әсем жерлерді аралап кеткен. Ол Манхэттен ауданына барып, әйгілі Times Square алаңында жүріп өткен.

    Оған қоса Төреғалидің қарындасы күллі әлемге танымал The Weekеnd-тің концертіне барып үлгерді.

    "New York-тағы бірінші күнім түрлі эмоция мен энергияға толы болды. Ұшақтан түсе сала демалмастан Манхэттенді аралап, Times Square ден жүріп өтіп, The Weeknd тің концертіне тап болдым. Бәріңізге жұғысты болсын", - деп жазды ол.

    Айта кетейік, бұған дейін Фариза Төреәлінің жолдасы Дархан Нортаевпен бірге Америкаға оқуға кеткенін жазған болатынбыз.

    Төреғали Төреәлінің кенже қарындасы да АҚШ-қа аттанды (фото, видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.