jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Редактор

    "Тамақ жасауды өзің үйреткен едің": Алтынай Жорабаева ағасына әсерлі жазба арнады

    Алтынай Жорабаева ағасымен
    Фото: Instagram/altynaizhorabayeva

    Әнші Алтынай Жорабаева желіде ағасын жаңа жасымен құттықтап, оған ақ тілегін жолдады. Өнер иесі ағасының арқасында тамақ жасауды үйренгенін айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    Алтынай Жорабаева ағасына арнаған әсерлі жазбасын Instagram парақшасында жариялады. Әнші туған күн иесінің өз өмірінде алар орны ерекше екенін атап өтті.

    Сөзінше, ағасы оған сиыр сауып, қамыр жаюды үйреткен.

    "Асыл ағатайым. Туған күнің құтты болсын жаным, бауырым. Алла екі дүниенің абырой-бақытын берсін жаным. Тете өсіп, өзіңнен таяқ жеп, арасында ойнап. Біз кішкентай жасөспірім кезімізде, анашым сырқаттанып, Әкем анашымды 2 жылдай ауруханадан ауруханада тасып жүргенде тамақ жасауды, сиыр саууды, қамыр илеп, қамыр жаюды өзің үйреткен едің. 100 жаса ағатайым", - деп жазды әртіс.

    Сонымен қатар Жорабаева ағасымен қасиетті Меккеде түскен суретін бөлісті.

    "Тамақ жасауды өзің үйреткен едің": Алтынай Жорабаева ағасына әсерлі жазба арнады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.