jitsu gif branding logo appbranding logo app

    Алтынай Жорабаева отбасымен Түркияға демалысқа аттанды (видео)

    Алтынай Жорабаева
    Фото: Instagram/altynaizhorabayeva

    Әнші Алтынай Жорабаева күйеуі мен бала-шағасымен шетелге демалысқа аттанды. Жұлдызды жанұя жазғы демалыстарын Түркияда өткізуді шешкен, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    Бұл туралы Алтынай Жорабаеваның Instagram парақшасынан белгілі болды. Ол отбасымен кезекті демалысқа ұшып бара жатқанын айтты.

    Өнер иесі Түркияға келген бойда желіде жаңа видеоны бөлісіп, саяхаты қалай басталып жатқанын көрсетті.

    Жұлдызды жанұя Алания қаласына тоқтаған. Айта кетерлігі, Жорабаева бұл қаладан өзіне пәтер сатып алған болатын.

    Алайда сөзінше, үйдің құрылысы әлі аяқталмаған. Оған карантин себеп болса керек.

    Желі қолданушылары жұлдызды отбасыға жақсы демалыс тіледі.

    Айта кетейік, бүгінде бірқатар отандық әртіс шетелде демалып жатыр. Әнші Әли Оқапов достарымен Ыстықкөлге аттанса, Мадина Сәдуақасова жанүясымен Біріккен Араб Әмірліктеріне барған.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.