jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ақырыс Сейтқазы
    Ақырыс Сейтқазы
    Бұрынғы қызметкер

    "Еш үмітім болған жоқ": Динара Қырықбаева бұрынғы күйеуінің екінші рет үйленуіне қатысты ойын айтты

    Динара Қырықбаева күйеуінің басқаға үйленгенін айтты
    Динара Қырықбаева: instagram/kyrykbayeva

    Әнші Динара Қырықбаева бұрынғы күйеуі Олжастың қайта үйленгенін айтты. Бұл туралы ол Айнұр Ілиясованың Momskий әңгіме бағдарламасында мәлімдеген, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    "Менің еш үмітім болған жоқ. Егер қандай да бір үміт болса, мен өзім қадам жасар едім. Біздің мүлде бөлек адамдар екенімізді түсіндім. Бұл қатынаста ештеңені қайтадан қалпына келтіре алмайсың. Бақытты болсын. Мен оған ашуланатын болсам, керісінше, менде бәрі нашарлай бастайды. Бұл менің балаларымның болашағына зиян болар еді.

    Егер әкесі балаларына келетін болса, келсін. Әрине, балалар оны қабылдайды. Бірақ мен қабылдай алмаймын. Десе де, балалар үшін достық қарым-қатынас сақтар едім. Балаларым әлі күнге дейін әкесін жақсы көреді, оны батыр деп есептейді", - дейді Динара.

    Айта кетелік, әнші Динара Қырықбаева 2019 жылы бұрынғы күйеуі Олжаспен ажырасып кетті. Қазір ол ортақ некеде туылған үш баласын жалғыз өзі асырап отыр.

    "Еш үмітім болған жоқ": Динара Қырықбаева бұрынғы күйеуінің екінші рет үйленуіне қатысты ойын айтты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.