jitsu gif branding logo appbranding logo app
Шоубиз

    Отандық блогер туған күніне 21 миллион теңгенің көйлегін тіктіргені рас па

    Damelya Sweet
    Damelya Sweet. Скриншот: instagram.com/damelya_sw

    Отандық блогер Damelya Sweet дос-жарандарымен туған күнін дүркіретіп атап өтті. Блогер ару мерекелік кеште үш көйлек ауыстырған, деп хабарлайды НТК арнасының "Ревю" бағдарламасы.

    Мерейтой барысында Damelya Sweet арнайы тапсырыспен тіктірген көйлегіне қатысты қауесетке жауап берді.

    "Туған күнге 2 апта дайындалдым. Көйлегім де сол уақытта пайда болды, арнайы тіктірілген. Бұл көйлектің түпнұсқасы француздық бренд. Оның бағасы 46 мың еуро.

    Бірақ, менікі қазақша бренд болып кетті. Мұның бәрін арнайы тіктірдім. Бұл үш көйлегімнің бірі. Туған күнге көп ақша кетті. Барлығы 67 адам шақырдым", - деді блогер.

    Ал туған күнге арнайы шақыртумен келген қонақтар арасында блогерге бірі жол сөмкесін сыйласа, бірі жүзік сыйға тартқан.

    Отандық блогер туған күніне 21 миллион теңгенің көйлегін тіктіргені рас па

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.