jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Нұр Еркін
    Нұр Еркін
    Бұрынғы қызметкер

    Актер Мақсат Сәбитов фильмге түсу үшін 15 келі салмақ тастаған (видео)

    Мақсат Сәбитов
    Мақсат Сәбитов. Фото: instagram.com/maqsatsabitov

    Қазақстандық актер Мақсат Сәбитов "Дос Мұқасан" фильмінің түсірілімі үшін 15 келі салмақ тастаған. Өнер иесі бұл жайлы "Ревю" бағдарламасында айтып берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    "Құлагер" рөліне байланысты маған салмақ қосу керек болды. Жылқыны ойнаймын ғой енді. Мен бес айда 78 келіден 92 келіге дейін салмақ қостым.

    Ал 1,5 айдан кейін "Дос Мұқасан" басталады. Сөйтіп 92 келіден 75-ке түстім. Күнде кардио және дұрыс тамақтану арқылы осы нәтижеге жеттім. Енді тоқсаннан, 75 келіге түстім. Сонда 15 келі ғой", - деді актер.

    Сондай-ақ актер осы рөлі үшін 1,5 жыл шашын өсірген.

    Айта кетейік, Мақсат Сәбитов "Дос Мұқасан" фильмінде Мұрат Құсайыновтың рөлін ойнаған.

    Актер Мақсат Сәбитов фильмге түсу үшін 15 келі салмақ тастаған (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.