jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Сәке Қанатұлы
    Сәке Қанатұлы
    Бұрынғы қызметкер

    Иманбектің отау құрғаны рас па: Желіде тойдағы суреттер мен видеолар пайда болды

    Иманбек
    Иманбек және оның қалыңдығы. Фото: facebook.com/baurzhan.janseitov.7

    Грэмми сыйлығының иегері қазақстандық Иманбек Зейкенов отау құрды. Әлеуметтік желіде тойдағы суреттер мен видеолар пайда болды.

    Фото мен видеоларды Facebook әлеуметтік желісінде Бауржан Джансеитов атты оқырман жариялады.

    "Енді біз құдалармыз. Біздің Айшабибі мен Иманбектің тойы болды!" - деді ол.

    Кадрдан қыз ұзату тойы болып жатқанын, Иманбектің күйеу жігіт болып гүл шоқтарымен ортада бой көрсеткенін аңғару қиын емес.

    Бұны көрген оқырмандары екі жасты өміріндегі ең айтулы күнмен құттықтады.

    "Бақытты болыңдар", "Ұстасқан қолдарың ажырамасын", "Өте әдемі жұп", "Иманбектің қалыңдығы өте сұлу екен", "Көркіне ақылы сай ару секілді", "Иманбек үшін қуаныштымын", - деді олар.

    Иманбектің отау құрғаны рас па: Желіде тойдағы суреттер мен видеолар пайда болды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.