jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Нұр Еркін
    Нұр Еркін
    Бұрынғы қызметкер

    "Махаббатыммен жолықтым": Су жаңа көлікпен суретке түскен Мөлдір Әуелбекова жазбасымен елді қызықтырып қойды

    Мөлдір Әуелбекова
    Мөлдір Әуелбекова. Фото: Мөлдір Әуелбекова

    Отандық танымал әнші Мөлдір Әуелбекова Instagram желісінде Rolls Royce көлігінің жанында суретке түсіп, жазбасымен көпшілікті қызықтырып қойды. Алайда әнші көлікті сатып алғанын немесе алмағанын нақты айтпады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Осыған дейін Мөлдір Әуелбекова ерекше отбасылық қуанышымен бөліскен болатын. Әнші асқар тау әкесіне көлікті табыстаған сәтін оқырмандарының назарына ұсынған еді.

    Ал бұл жолы әнші өзі жаңа көліктің жанында түскен суретін желіге салып, "Махаббатыммен жолықтым. Бұйырса, біз біргеміз", - деп жазып қойды.

    Ал әншіні "жаңа көлік тізгіндеді" деп ойлаған желі қолданушылары оны темір тұлпарымен жарыса құттықтады.

    "Құтты болсын", "Бізге де осындай тұлпар бұйырсын", "Тек жақсылыққа пайдаланыңыз" деп жазды желідегілер.

    "Махаббатыммен жолықтым": Су жаңа көлікпен суретке түскен Мөлдір Әуелбекова жазбасымен елді қызықтырып қойды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.