jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Нұр Еркін
    Нұр Еркін
    Бұрынғы қызметкер

    Еркебұлан Дайыровтың жұбайы желі қолданушыларын естелік видеосымен тәнті етті (видео)

    Еркебұлан Дайыров
    Еркебұлан Дайыров видеодан скрин. Фото: instagram.com/leila_tleuova

    Осыдан біраз уақыт бұрын өмірге үшінші сәбиін әкелген Еркебұлан Дайыровтың жұбайы әлеуметтік желі қолданушыларын естелік видеосымен тәнті етті. Видеода Ләйлә Тілеуова актерге болашақ сәбидің жынысын айтқан, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Еркебұлан Дайыров пен жұбайы екі қыз бен бір ұл баланы тәрбиелеуде. Актерге көптен күткен ұл сыйлаған Ләйлә Тілеуова мен нәресте бүгінде үйге шыққан.

    Ал видеода жұбайы актерге болашақ сәбиінің ұл болатынын айтқан.

    "Бұл күні гендер пати екенін Еркебұлан білмеді. Жай ғана сыйлық деп ойлады. Кәусар, Салима, Бауыржан", - деп жазды Ләйлә Тілеуова.

    Ал желі қолданушылары актер мен жұбайына ақ тілектерін жаудырған.

    "Құттықтаймыз", "Бауы берік болсын", "Қазір ғана "Жаңа күн" деген киноны көріп болып отыр едім. Сонда да жұп болып ойнайды ғой, өте әдемі, керемет ойнап шыққан. Өмірде де жұп екенсіздер. Бақытты болыңыздар", "Міне нағыз гендер пати", "Ұзағынан сүйіндірсін", - деп жазды желі қолданушылары.

    Еркебұлан Дайыровтың жұбайы желі қолданушыларын естелік видеосымен тәнті етті (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.