jitsu gif
Шоубиз

    Жахан Отарғалиев фильм түсіріп, 850 млн теңге тапқанын айтты (видео)

    Жахан Отарғалиев
    Жахан Отарғалиев. Фото: instagram.com/zhahan_utargaliyev

    Отандық актер Жахан Отарғалиев фильм түсіріп, одан 850 млн теңге қаражат тапқан. Актер бұл жайлы Динара Сәтжанмен сұхбат барысында айтып берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Бағдарлама жүргізушісі Динара Сәтжан әзілкештен "Саған "Жохан" фильмі 850 млн теңге алып келді се?", - деп сұрайды.

    Кинопродюсер "Жохан" фильмін түсіру үшін үйін 60 миллион теңгеге сатқанын, бірақ сол фильмнен 850 миллион теңге табыс тапқанын жасырмай айтып берді.

    "Біздің киномызды алғаш рет дистрибьюторге көрсеткенде, алмай қойды. Сосын киноны алып кетіп қалдым.

    Екінші жерге барсам, "Жахан біз сізді білеміз" деп жақсы қарсы алды. Сосын мен фильмді көрсетіп бердім. Олардың статистикасы бойынша, кинотеатрға 300 мың адам келеді екен. "Маған сеніңіздер. Бізді қолдасаңыздар, кинотеатрға көбірек адам алып келеміз" дедім.

    Ол кісі бізге сенім білдірді. Олардың 300 мың адамының 100 мыңы ғана қазақтар екен. Менің фильмім қазақ тілінде. Бірақ Алланың қалауымен біздің фильмге 550 мың адам келді", - деді Жахан Отарғалиев.

    Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Жахан Отарғалиев жұбайы Балжан Бидашпен қалай танысқанын айтып берген болатын.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.