jitsu gif branding logo appbranding logo app

    "Дастарқан басында әрең отырдым": Сырқаттанып қалған Роза Әлқожа көпшіліктен кеңес сұрады

    Роза Әлқожа
    Роза Әлқожа. Фото: instagram.com/roza_alqozha

    Отандық әнші Роза Әлқожа сырқаттанып қалғанын айтып, желі қолданушыларынан кеңес сұрады. Өнер иесі дертінің әсерінен екі күнді ұйқысыз өткізгенін Instagram желісінде баяндады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    "Жыл да аяқталып қалды. Келер күннен тек жақсылық күтеміз. Үш күн система алып, емделген едім. Ақтауға ұшып кетіп, дәрі ішіп, тамақты жылы ұстап-ақ жүргенбіз.

    Ақтөбеде кеш біткен соң жөтел күшейіп, дастарқан басында әрең отырдым. Жазылған сияқты едік, қайта күшейіп кетті. Түнде ұйқы жоқ, екі күн болды. Ұшақтан түсе сала ем алып бастадық. Көк жөтел дегенді ұға бастағандаймыз. Немен емделіп жатырсыздар?", - деп жазды әнші.

    Ал желі қолданушылары әншіге өзі жазылған ем түрлерін айтып, түрлі кеңес берді.

    "Суды көбірек ішіңіз", "Тезірек сауығып кетіңіз", - деп жазды желідегілер.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.