jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Нұр Еркін
    Нұр Еркін
    Бұрынғы қызметкер

    Әнші Меруерт Түсіпбаева жаңа үйін көрсетті (видео)

    Меруерт Түсіпбаева
    Меруерт Түсіпбаева. Фото: "Төртеу түгел" бағдарламасы

    Отандық әнші, актриса Меруерт Түсіпбаева жаңа шаңырағын көрсетті. Өнер иесі "Төртеу түгел" бағдарламасында үйді бастапқы әрлеумен алып, дизайнын өзі жасап шыққанын айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    "Кедей болсаң, көшіп көр" деген сөз бар ғой. Қазір өзім екі үйдің ортасында жүрмін. Осындай қауырт шақ болып кетті. Студенттердің сабағы басталып, балам шетелге оқуға кетті.

    Жөндеу жұмысын жасау әйел адамға оңай емес қой. Әзірге толық жиһаз қойылған жоқ. Үйдің дизайнын өзім жасадым. Бұл бастапқы әрлеумен алынған алтыншы үй. Мен ойлаймын, бұл адамға хобби сияқты болып кетеді екен. Менің анам "Қызымның хоббиі үй сатып алу" деп айтады. Үш-төрт жылдың ішінде үй ауыстырғым кеп тұрады", - деді Меруерт Түсіпбаева.

    Сонымен қатар әнші жаңа үйге толық көшіп болғаннан кейін шыцғармашылық жұмыстарға кірісетінін айтты.

    "Тыңдармандарды жақында қуантамыз. "Көп күткен бақытым" әнін жаздырдым. Бұл әнді сахнаға шығару үшін 8-9 адам жұмыс істеді. Сөзін түзеттік. Қазір ән дайын. Қазір осы шаңыраққа көшіп алғаннан кейін бейнебаян түсіреміз", - деді Меруерт Түсіпбаева.

    Әнші Меруерт Түсіпбаева жаңа үйін көрсетті (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.