jitsu gif branding logo appbranding logo app
Шоубиз

    Отбасылық суретін жариялаған Абай Асылхан көпшілікті сүйсінтті (фото)

    Абай Асылхан отбасымен
    Абай Асылхан отбасымен. Фото: instagram.com/abay.asylkhan

    Көпшілікке "Аппақ келін" телехикаясы арқылы кеңінен танылған актер Абай Асылхан отбасылық суретін жариялады. Желі қолданушылары актердің ұл-қызымен түскен суретін жылы қабылдап, жағымды тілектерді жаудырған, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Абай Асылхан қазіргі таңда жұмысына байланысты отбасымен уақытты аз өткізетінін жасырмады.

    "Қызым отбасымызбен бас қосып, фильм қарауды және өзіне көңіл бөлу мен қолдаудың жетіспей жүргенін айтты. Бұл олқылықтың орнын толтырдық. Суретте біздің отбасылық кешіміз.

    Егер отбасыңызға көңіл бөлмегеніңізге біраз уақыт болса, бұл кемшіліктің орнын толтырып, бүгін отбасылық кеш ұйымдастырыңыз. Сіздің үйіңіз - сіздің сүйікті отбасыңыз", - деп жазды актер Instagram парақшасында.

    Актердің отбасылық суреті желі қолданушыларының көңілінен шыққан.

    "Керемет отбасысыздар", "Алла сіздерге сәби нәсіп етсін", "Қызыңыз өзіңізге ұқсайды екен", "Бақытты болыңыздар", - деп жазды желі қолданушылары.

    Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Жанель Мақажан бірінші жұбайынан ажырасу себебін айтқан болатын.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.