jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    "Ересек адамдар": Гүлзира Айдарбекова кенже ұлы Заңғардың ажырасып кеткені туралы қауесетке пікір білдірді

    Заңғар Нұртас әйелі және анасымен
    Заңғар Нұртас әйелі және анасымен. Фото: instagram/gulziraaidarbekova

    Әлеуметтік желіде Қайрат Нұртастың інісі Заңғар жұбайымен ажырасып кетті деген қауесет тарап жүр. Осы ретте продюсер Гүлзира Айдарбекова KAZ.NUR.KZ тілшісіне ұлы мен келінінің қазіргі қарым-қатынасы туралы пікір білдірді.

    Продюсерге тиісті сауалды портал тілшісі үлкен келіні Жұлдыздың алғашқы фильмінің жабық көрсетілімі кезінде қойған болатын. Гүлзира Айдарбекованың сөзінше, ол балаларының отбасына араласпайды.

    "Керек кезде кеңесімді айтамын. Ұрысатын кезде ұрысамын. Тоқтатын кезде тоқтатамын. Бірақ олардың отбасында болып жатқан мәселелерді сыртқа айтпаймын. Олар - ересек азаматтар. Өздеріне хабарлассаңыздар, өздері жауап береді. Ал жалпы мен үш келінімді де жақсы көремін. Ешқайсысын бөліп-жармаймын, мен үшін үшеуінің де орны бөлек", - дейді ол.

    Сондай-ақ продюсер үлкен келінінің тырнақалды туындысына қатысты да өз ойын бөлісті.

    "Баласы атқа мінсе, анасы тақымын қысады" деген керемет сөз бар ғой. Бұл Жұлдыздың үлкен арманы екенін білемін. Осы арманын іске асыру үшін қанша еңбектенгенін де көрдім. Сондықтан келінім үшін үнемі тілекші болып жүрдім. Менің қолдауым - аналық батамды беріп, дұғасын тілеп жүргенім деп білемін", - дейді ол.

    Айта кетейік, Гүлзира Айдарбекованың кенже ұлы Заңғар Нұртас былтыр көктемде отбасын құрған болатын.

    Сұхбаттасқан - Жанар Тайырқызы

    "Ересек адамдар": Гүлзира Айдарбекова кенже ұлы Заңғардың ажырасып кеткені туралы қауесетке пікір білдірді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.