jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Нұр Еркін
    Нұр Еркін
    Бұрынғы қызметкер

    Ақын Қайнар Алагөзов: Еркеден көп жақсылық көрдім (видео)

    Қайнар Алагөзов
    Қайнар Алагөзов. Фото: instagram.com/kainaralaguzov

    Елімізге танымал ақын Қайнар Алагөзов бүгінде Алматы қаласынан туған жері Ақтөбеге қайта оралған. Ақын "Уақыт көрсетеді" бағдарламасында өзі ән жазып берген әншілер арасында кімнен жақсылық көргенін айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Бағдарлама жүргізушісі Нұрсейіт Жылқышыбай ақыннан "Ерке мен Төреғали Төреәлінің "Алло" әнінің сөзін өзіңіз жаздыңыз. Еркенің бағын ашқан әннің бірі болды. Төреғалидің біраз әнін өзіңіз жаздыңыз. Қайрат Нұртасқа ше? Тағы кім бар еді аталмай қалған?", - деп сұрады.

    "Қайрат Нұртасқа он шақты әніне сөз жаздым. Еркін Нұржановтың көптеген өлеңіне сөз жаздым. Еркіннің әншілігін мойындап, бағалаймын. Оның орындауындағы өзімніің шығармаларымды тыңдағаныма қуанамын.

    Ал Төреғалиға 250-ге тарта әнінің сөзін жазыппын. Еркенің де шамамен біраз әнінің сөзін жаздым. Нұрболат Абдуллиннің ең бірінші хит болып шыққан "Сүйгенің қайда" деген әнініің сөзін жазған мен. Мен жалпы авторлар қоғамында 650 әнге сөз жазғанмын", - деді ақын.

    Сонымен қатар бағдарлама барысында Алагөзов өзі ән жазған әншілер жайлы айтты. Ақынның айтуынша, ол әншілер арасында Ерке Есмаханнан көбірек жақсылық көрген.

    "Төреғали екеуіміздің арамызда айтарлықтай ештеңе болған жоқ. Төреғалиді өзіме қарыз деп есептемеймін. Ол өлеңдердің арқасында Төреғали Төреәлі болса, мен соның арқасында Қайнар Алагөзов болдым.

    Ерке Есмаханға ризамын. Қыз болса да, Еркеге ризамын. Қанша көмегі тиді. Еркеден көп жақсылық көрдім. Бұрын Тоқтар Әубәкіровтің сұхбатынан да "Қазір қазақтың жігіттерінен қыздары мықты" деп естіп едім. Жалпы сол қыздармен дос болып, араласып, жақсылық жасаған адам жамандық көрмейді деп ойлаймын", - деді Қайнар Алагөзов.

    Ақын Қайнар Алагөзов: Еркеден көп жақсылық көрдім (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.