jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Нұр Еркін
    Нұр Еркін
    Бұрынғы қызметкер

    "Бригада" сериалына түскен актер Фархад Махмудов қазір қайда жүр (видео)

    Фархад Махмудов
    Фархад Махмудов. Фото: "Менің өмірім" бағдарламасы

    Актер, "Бригада" сериалындағы көпшіліктің сүйікті кейіпкері Фархад Махмудов он жылдан бері кино әлемінен алыстап кеткен. Актер "Менің өмірім" бағдарламасында көпшілік көзінен таса болу себебін бөлісті, деп жазды KAZ.NUR.KZ.

    "Біз "Бригада" сериалының кейіпкерлері елдің кумиріне айналады деп ойламадық. Біз ол оқиғалар көз алдымыздан өткендіктен, рөлде ойнау қиын болмады.

    Кинодан он жылдай көрінбей кетуімнің себебі, мен театр саласына кеттім. Киноның да, театрдың да өз орны бар. Бәрі балаң сияқты, театр мен киноны бөліп қарастыра алмаймын", - деді актер.

    Сонымен қатар ресейлік актер туған жері Өзбекстанның "Барон" фильміне түсуге неліктен келіскенін де айтты.

    "Бұл 2015 жылдар болатын. Оған дейін жиырма жылдай Ресейде болдым. Осыған дейін мені ешкім туған жеріме фильмге түсуге шақырмаған. Мен үшін бұл жағымды жаңалық болды да, ештеңе сұрамастан, бірден келісім бердім.

    Менің бірден келісім беруімнің себебі де, ұсыныстың туған жерімнен болғандығы. Өте әдемі өзбекстандық, отандық фильм шықты", - деді Фархад Махмудов.

    Актердің айтуынша, ол Қазақстанға арнайы фильмнің тұсаукесері үшін келген.

    "Бригада" сериалына түскен актер Фархад Махмудов қазір қайда жүр (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.