jitsu gif branding logo appbranding logo app
Шоубиз

    Асылбек Боранбай: Театрларда әдеби тіл жоқ

    Асылбек Боранбай
    Асылбек Боранбай. Фото: "1001 түн" бағдарламасы

    Актер Асылбек Боранбай "Тамаша" театрынан келе жатқан әріптесі Марат Көккөзовпен бірге "ТТТ" театрын ашқан. Өнер иесі қазіргі таңда театрдан әдеби тілдің жоғалып кеткенін "1001 түн" бағдарламасында айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    "Әр нәрсенің өз маманы болуы керек. Айыпқа бұйырмасын, қазіргі театрларды қарап отырсаңыз, тіл жоғалып кетті. Әдеби тіл жоқ қой. "Қойсай, кетсей, қоя берси" деген сөз сахнада болмауы керек.

    Сіз орыстарды қараңызшы. Петросяндар қалай сөйлейді? Сахна, мәдениет, кәсібилік деген аңқып тұрады. Біз сондай дәрежеге жетуіміз керек. Негізі бізге комедиялық театр керек. Қазақстанда бірде-бір комедиялық профессионал театр жоқ", - деді Асылбек Боранбай.

    Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Асылбек Боранбаймен бірге "Тамаша" әзіл-сқақ театрында өнер көрсеткен Марат Көккөзовтің қазіргі таңда қайда екені айтылған болатын.

    Асылбек Боранбай: Театрларда әдеби тіл жоқ

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.