jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Нұр Еркін
    Нұр Еркін
    Бұрынғы қызметкер

    Димаш Құдайберген танымал блогерлердің ұлына кіндік әке атанды (фото)

    Димаш Құдайберген
    Димаш Құдайберген. Фото: instagram.com/marlenaneska

    Әлемге танымал әнші Димаш Құдайберген отандық блогерлердің ұлына кіндік әке атанды. Бұл жайлы махаббат хикаясымен көпшіліктің көңілінен шыққан Марлен мен Анель Instagram парақшасында мәлім етті, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    "Баламыздың кіндік әкесімен алғашқы сурет. Біздің Димаштың кіндік әкесіне көп рахмет! Димаш сияқты ел сыйлайтын, адал жан болсын", - деді Марлен мен Анель парақшасында.

    Айта кетейік, Марлен мен Анель арасындағы махаббат хикаясы - Қазақстанда кеңінен танымал. Ару 16 жасында қатты сырқаттанып, бірнеше жыл өмір мен өлімнің арасында болды. Осы жылдар ішінде сүйіктісі Марлен оның жанынан бір қадам алыстамаған.

    Марлен Анельді күтіп, 10 келілік оттегі баллонын көтеріп жүрген. Жігіт ғашығымен бірге ауруханада жатып, барлық уақытта қасынан табылған.

    Кейін қос ғашық 2017 жылы Ернар Айдардың "Күнім, сен сөнбеші" атты бейнебаянына түсті.

    Ал жақында Марлен мен Анельдің жылдар бойы күткен тұңғышы дүниеге келді. Жылдар бойы ауыр дертпен күрескен бойжеткен дәрігерлердің ана бола алмайтынын айтқанына қарамастан, 10 жылдан кейін дүниеге сәби алып келген болатын.

    Димаш Құдайберген танымал блогерлердің ұлына кіндік әке атанды (фото)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.