jitsu gif
Шоубиз

    "Сол кезде түсінбегенім өкінішті": Мақпал Исабекова ернін үлкейткеніне өкінетінін айтты (фото)

    Мақпал Исабекова
    Мақпал Исабекова. Фото: instagram.com/makosyai/

    Әнші Мақпал Исабекова өзінің жас күніндегі суретін көрсетіп, ернін үлкейткеніне өкінетінін жеткізді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Өнер иесі бұл жайлы Instagram парақшасында жариялады.

    "Ассиметриядан құтылу үшін үстіңгі ернімді үлкейттім. Ал астыңғы ернімнің жағдайы жақсы болды. Мен мұны шамамен 10 жыл бұрын бірнеше рет жасадым. Косметолог гель (еріндегі - ред.) шамамен "алты айдан кейін ериді" деп уәде берді.

    Көріп отырғаныңыздай, ештеңе ешқайда кеткен жоқ. Меніңше, ол ерніме гельден тығыз нәрсе салған сияқты. Қазір брекетімнің шешілгенін күтіп жүрмін. Оны кестіріп тастайтын шығармын. Мен ерінді үлкейтуге, ине шаншытуға кеңес бермеймін. Маған қазір табиғи келбетім ұнайды. Дер кезінде түсінбегенім өкінішті", – деді Мақпал Исабекова.

    Сонымен қатар әнші ерні үлкейтілмеген кездегі суретін де көрсетті.

    "Ернім үлкейтілмей тұрып осындай болған екен. Шынымен әдемі болған ғой. Неге оны әдемілендіре түсетіндей болғанмын", - деді әнші.

    Мақпал Исабекова сторис
    Мақпал Исабекова сторис. Скриншот: instagram.com/makosyai

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.