Мұрат Қожаның бұрынғы жұбайы: Еркін Нұразханның қызы болу - үлкен жауапкершілікті талап етеді
Жарияланған күні:

Мұрат Қожаның бұрынғы жұбайы карикатурашы Еркін Нұразханның қызы екенін көпшілік біле бермейді. Айман Нұразхан "Әке бақыты" бағдарламасында жазушы, карикатурашы әкесі жайлы айтып, танымал тұлғаның қызы болу үлкен жауапкершілік екенін жеткізді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
"Бізге үнемі "Қазақша сөйлеңдер, қазақша ән тыңдаңдар. Жүректерің "қазақ" деп соғуы керек" дейтін. Сол кезден бастап бізге патриоттық сезімді ұялатқан ғой. Қазақилыққа, қазақ мәдениетіне өте жақынмын.
Әкем "Балдырған" журналында жұмыс істеді. Көптеген халық жазушысы, халық қаһарманы Қасым атамыздың жанында болып, соларды көргенмін. Ол кісілер менің маңдайымнан сүйіп, басымнан сипаған екен. Аталарымыздан бата алған екенмін. Ойласам, "Қандай бақытты қызбын" деп ойлаймын. Жалпы, Еркін Нұразханның қызы болу - үлкен жауапкершілікті талап етеді", - деді.
Айта кетейік, Еркін Нұразхан - Қазақстан суретшілер одағының мүшесі, жазушы, Республикаға еңбегі сіңген мәдениет қайраткері, белгілі карикатурашы.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/personal-life/2007301-murat-qozanyn-buryngy-zubaiy-erkin-nurazxannyn-qyzy-bolu-ulken-zauapkersilikti-talap-etedi/