jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Нұр Еркін
    Нұр Еркін
    Бұрынғы қызметкер

    "Тағы бір жаңалықтың куәсі боласыздар": Ерке Есмахан жазбасымен көпшілікті қызықтырып қойды

    Ерке Есмахан мен Раим
    Ерке Есмахан мен Раим. Фото: instagram.com/erke_esmahan

    Жақында тұрмысқа шыққан Ерке Есмахан желідегі жазбасымен көпшілікті қызықтырып қойды. Өнер иесі жақында тағы бір жаңалығымен қуантатынын айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    "Жақында бұйыртса тағы бір жаңалықтың куәсі боласыздар", - деп жазды Ерке Есмахан Instagram желісінде.

    Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін қос әншінің кездесетіні жайлы қауесет тарап, кейінірек Раим Бақтыгереев бұл ақпаратты растаған болатын. Осыдан кейін бірнеше күн өткенде жұлдызды жұптың мешітте некесін қидырғаны белгілі болды.

    Кейінірек Раим Бақтыгерев өнерден айырылса да, махаббаттан айырыла алмайтынын айтып, көпшіліктен өздерін сынамауды сұрады. Ал Ерке Есмахан оқырманының сауалына жауап беріп, мәһрге не сұрағанын айтып берді.

    Сонымен қатар Ерке Есмахан жаңа отбасы оны жылы қабылдап, тіпті "келін" деп атамайтынын жеткізді. Тағы бір айта кететіні, әнші қазіргі жұбайы Раим мен ұлының қарым-қатынасы туралы да жасырмай баяндап берген болатын.

    Ерке Есмахан
    Ерке Есмахан. Скриншот: instagram.com/erke_esmahan

    "Тағы бір жаңалықтың куәсі боласыздар": Ерке Есмахан жазбасымен көпшілікті қызықтырып қойды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.