jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Нұр Еркін
    Нұр Еркін
    Бұрынғы қызметкер

    "Алда сырға салу, құдалық, беташар": Ерке Есмахан қашан той жасайтынын айтты (фото, видео)

    Ерке Есмахан, Раим Бақтыгереев
    Ерке Есмахан, Раим Бақтыгереев. Фото: instagram.com/raimkzt

    Отандық әнші Ерке Есмахан біраз уақыт бұрын өнердегі әріптесі Раиммен мұсылманша некесін қидырған болатын. Әнші әлеуметтік желіде оқырман сауалына жауап беріп, жақында өзіне сырға салынып, беташары болатынын жеткізді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Желі қолданушыларының бірі Instagram желісінде әншіге сауал жолдаған.

    "Неге келіндік өміріңізді көрсетпейсіз?", - деп сұрады оқырмандарының бірі әншіден.

    Ал Ерке Есмахан әлі толық келін атанып үлгермегенін жеткізді.

    "Әлі толықтай келін емеспін ғой. Алда бұйырса, сырға салу, құда түсу, құдалық. Сосын беташар. Содан кейін келіншек боламын", - деді Ерке Есмахан.

    Сонымен қатар әнші жұбайының үлкен тойды жазда жасайтынын да атап өтті. Ол желі қолданушысының "Той қашан болады?", - деген сауалына жауап берген.

    "Бұйырса, жазда. Мен тойды қаламап едім. Күйеуім "үлкен той жасаймын" деп қоймай отыр. Мен келістім", - деді Ерке Есмахан.

    Естеріңізге сала кетейік, Ерке Есмахан мен Раим биылғы жылдың қаңтарында мұсылманша неке қидырған болатын.

    Кейінірек Ерке Есмахан мәһрге не сұрағанын айтты.

    Ерке Есмахан сторис
    Ерке Есмахан сторис. Скриншот: instagram.com/erke_esmahan

    "Алда сырға салу, құдалық, беташар": Ерке Есмахан қашан той жасайтынын айтты (фото, видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.