jitsu gif branding logo appbranding logo app
Шоубиз

    Ерке Есмаханға қашан сырға салынатыны белгілі болды (фото, видео)

    Ерке Есмахан мен Раим
    Ерке Есмахан мен Раим. Фото: instagram.com/raimkzt

    Жақында отандық әнші Раиммен мұсылманша некесін қидырған Ерке Есмахан осыған дейін өзіне құда түсіп, сырға салынатынын және беташары өтетінін айтқан болатын. Әнші бүгін көпшілікке сырға салу күнінің қай уақытқа белгіленгенін мәлім етті, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Бұл жаңалығын әнші Instagram желісінде бөлісті.

    "Ертең бұйырса, біз үшін маңызды күн", - деп жазды әнші.

    Әнші көпшілікке бөліскен шақырту қағазында "Ерке сырға салу. Құдалық мың жылдық болсын, 19.02.2023 жыл", - деген жазуды байқауға болады.

    Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін қос әншінің кездесетіні жайлы қауесет тарап, кейінірек Раим Бақтыгереев бұл ақпаратты растаған болатын.

    Осыдан кейін бірнеше күн өткенде жұлдызды жұптың мешітте некесін қидырғаны белгілі болды.

    Кейінірек Раим Бақтыгерев өнерден айырылса да, махаббаттан айырыла алмайтынын айтып, көпшіліктен өздерін сынамауды сұрады.

    Ал Ерке Есмахан оқырманының сауалына жауап беріп, мәһрге не сұрағанын айтып берді.

    Ерке Есмахан сторис
    Ерке Есмахан сторис. Скриншот: instagram.com/erke_esmahan

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.