jitsu gif branding logo appbranding logo app
Шоубиз

    "Басқа күйеу таңдар едім": Динара Қырықбаева өкінішін бөлісті (фото)

    Динара Қырықбаева
    Динара Қырықбаева. Фото: Instagram/kyrykbayeva

    Отандық әнші Динара Қырықбаева әлеуметтік желіде оқырмандары жолдаған сауалға жиі жауап береді. Өнер иесі Instagram парақшасында кезекті сауалға жауап беріп, өткен өмірінде не нәрсеге өкінетінін айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Желі қолданушысы әншіден "Мүмкіндігіңіз болса, өткен өміріңізде нені өзгертер едіңіз?", - деп сұраған.

    Ал Динара Қырықбаева жұбайын ауыстыратынын айтты.

    "Тек басқа күйеу таңдар едім. Мен ештеңеге өкінбеуге тырысамын. Алайда 18-іме қайта оралсам, дұрыс таңдау жасайтын едім. Менде қазір бәрі жақсы. Маған қазіргі күйім ұнайды", - деді.

    Сонымен қатар әншінің кезекті бір оқырманы оның бұрынғы күйеуін өзге арумен көргенін айтқан.

    "Ол үшін қуаныштымын. Жас болғаны қандай жақсы", - деп жауап қайтарды Динара Қырықбаева оқырманына.

    Динара Қырықбаева сторис
    Динара Қырықбаева сторис. Скриншот: instagram.com/kyrykbayeva

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.