jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Нұр Еркін
    Нұр Еркін
    Бұрынғы қызметкер

    "Мен сені сүйем": Жеке ән кешінде жұбайына сезімін білдірген Дастан Оразбеков көпшілікті сүйсінтті (видео)

    Дастан Оразбеков жұбайымен
    Дастан Оразбеков жұбайымен. Фото: instagram.com/dastanello

    Дастан Оразбеков жеке кешінде жұбайына сахна төрінде сезімін білдіріп, тыңдармандарын сүйсінтті. Ол күні кеше Алматыда алғашқы концертін өткізген болатын, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Көпшілікке ұнаған концерттің үзіндісін Дастан Оразбековтің өзі Instagram парақшасында бөлісті.

    "Мына гүл шоғы өзіңе, жаным. Сізді вальске шақыруға рұқсат етіңіз. Әрдайым осылай жанымда болшы! Қолдап жүрші! Мен сені сүйем", - деді Дастан Оразбеков сахнада жұбайына.

    Осыдан соң әнші әйелімен сахнада вальс биледі.

    Желі қолданушылары Дастан Оразбековтің жұбайына деген махаббатына риза болғанын жасырмады.

    "Қандай керемет", "Ескірмейтін махаббат", "Дастанды өте қатты құрметтеймін", "Қанша жыл өнерде жүрсе де, Дастан жайлы бір жаман сөз естіген емеспін", "Отбасыңмен бақытты бол", "Керемет үлгі көрсеттің", "Бақыттарың баянды болсын", - деп жазды желідегілер.

    "Мен сені сүйем": Жеке ән кешінде жұбайына сезімін білдірген Дастан Оразбеков көпшілікті сүйсінтті (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.