jitsu gif
Шоубиз

    "Көшеде таныстым": Айгүл Мүкей жұбайын қалай жолықтырғанын айтып берді

    Айгүл Мүкей тележүргізуші
    Айгүл Мүкей. Фото: instagram.com/aigulmukei

    Танымал тележүргізуші Айгүл Мүкей алғаш рет жұбайы жайлы ашып айтты. Үш баланың анасы күйеуімен көшеде танысып, бірнеше айдан соң тұрмысқа шыққанын Ләйлә Сұлтанқызының бағдарламасында мәлім етті, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    "Күйеуіммен көшеде таныстым. Ол менің кім екенімді де білмеді. Көлігімді қалдырып, сауда орталығына бардым. "Сәлеметсіз бе? Сізбен танысайын деп едім" деді. Мен макияжбен болғанмын.

    Сәуір айында таныстық. Ал маусымда неке қидырдық. Екі-үш айдан кейін бала көтердім", - деді Айгүл Мүкей.

    Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Айгүл Мүкей жеке өмірі жайлы құпиясын бөліскен болатын. Үш баланың анасы жасанды ұрықтандыру қызметіне жүгінгенін айтты.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.