jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Әсел Дағжан
    Әсел Дағжан
    Бұрынғы қызметкер

    Димаштың әні АҚШ-тың Channel R радиосында шырқалды (видео)

    Димаш Құдайбергеннің "Zhalyn" әні
    Димаш Құдайбергеннің "Zhalyn" әні. Фото: dimashnews.com

    Димаш Құдайбергеннің "Zhalyn" композициясы алғаш рет америкалық Channel R Radio-сында шырқалды. Дегенмен, бұл қазақстандық әншінің аталған радиостанция эфиріне шыққан бесінші әні, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ dimashnews.com сайтына сілтеме жасап.

    Ресми сайттың хабарлауынша, Димаштың қазақ тіліндегі әнінің Америка радиосынан берілуі оның жанкүйерлерінің арқасында мүмкін болып отыр. Олар күн сайын Димаштың әнінің қойылуын сұраған көрінеді. Бұған дейін Channel R радиосында оның "Fly Away", "Be with me", "Golden" және "Screaming" композициялары шырқалған болатын.

    Сиэтлдегі R Channel радиостанциясы 2020 жылдың ақпанында құрылды. Эфирде тәулік бойы заманауи хиттер мен тыңдаушылардың ең сүйікті әндері ойнайды. Мұнда поп-музыкадан R&B, рок, рэп және электронды музыкаға дейінгі барлық жанрды тыңдауға болады.

    Channel R жұмысының негізгі қағидасы – дыбыс жазу компаниясы қалаған әуендерді емес, тыңдаушыларға ұнайтын композицияларды таратуға негізделген. Сондықтан радио апта сайын тыңдаушылар арасында дауыс беру өткізеді.

    Димаштың әні АҚШ-тың Channel R радиосында шырқалды (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.