jitsu gif
Шоубиз

    Танымал ресейлік актер өзіне үш бала сыйлаған жарымен 8 жылдан кейін некесін қидырды (фото)

    Сергей Безруков әйелі Анна Матисонмен
    Сергей Безруков әйелі Анна Матисонмен. Фото: instagram.com/s_bezrukov

    Ресейлік театр және кино актері Сергей Безруков пен режиссер Анна Матисон 8 жылдан кейін некесін қидырды. Отбасындағы қуанышты жаңалықты өнер иесі Instagram парақшасында бөлісті, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Әйгілі "Бригада" сериалының жұлдызы мен Анна Матисон 2016 жылы ресми түрде үйленген болатын.

    Осы уақыт ішінде олар үш баланың ата-анасы атанып үлгерді. 8 жыл отасқаннан кейін жұлдызды жұп некесін қидыруға шешім қабылдаған.

    "Сегіз жыл біргеміз! Неке қию рәсімінен фотолар", – деп жазды актер желіде.

    Безруковтың жанкүйерлері ерлі-зайыптыларды жарыса құттықтап жатыр.

    "Мәссаған! Керемет! Керемет фото! Біз сіздерді бірге сирек көреміз, өте әдемі жұпсыздар. Құттықтаймыз!", "Анна өте шынайы, қазір бұл өте маңызды, өйткені бәрі бір-біріне ұқсап кеткен, бәрі әдемі! Отбасыңызға бақыт тілеймін!", "Сіздерге бақыт және шексіз махаббат тілеймін!", "Идеал жұптар бір-біріне ұқсайды деп жатады. Сіздер бір-біріңізге қатты ұқсайсыздар! Отбасыларыңызға өзара түсіністік, махаббат пен гармония тілеймін", — деп жазған актердің жанкүйерлері.

    Танымал ресейлік актер өзіне үш бала сыйлаған жарымен 8 жылдан кейін некесін қидырды (фото)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.