jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Нұр Еркін
    Нұр Еркін
    Бұрынғы қызметкер

    Әнші Сейфуллин Жолбарыс: Әйел үйдің күйбең тірлігіне беріле бермеуі керек (видео)

    Сейфуллин Жолбарыс
    Сейфуллин Жолбарыс. Фото: "1001 түн" бағдарламасы

    Отандық әнші Сейфуллин Жолбарыс үйде отыратын әйелдің бітпейтін тірліктен бір уақыт босап, өзіне көңіл бөлуі керектігін айтты. "Астана" арнасының "Ащы шындық" бағдарламасында өнер иесі нәзік жандыларға боянып,өз-өзіне қарап жүруге кеңес берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    "Әйел деген әрдайым үйдің күйбең тірлігіне беріле бермеуі керек. Кейбір әйелдер сол тірлікке беріліп кетеді. Сосын үйден шықпай қалады. Үйден шықпаған адамның миында құлдырау пайда болады. Үйде отырып қалған таныстарымнан, жеңгелерімнен байқаймын, аттарын айтпаймын. Олар тым болмаса киноға бармайды. Кино деген бір қымбат нәрсе емес. Болмаса, саябаққа шығып, балаңмен қыдырып келу қымбат емес қой.

    Бір ғұлама "Өмірдегі барлық керемет нәрсенің бәрі тегін" дейді. Ол не? Ол - орманға барып қыдыру, табиғат, бұлақтың басына шығу. Мысалы, ең керемет нәрселер деп есептеймін. Тірлік өмірі бітпейді. Кірді жуады, ол қайта ластанады. Ыдыс-аяқты жуасың, қайта ас ішесің, қайта бүлінеді. Оның бәрі қайта айнала береді.

    Сондықтан аруларға айтарым, күйбең тіршілікте тым болмаса өздеріңе уақыт бөліп, балаңмен серуенде. Кішкентай киноға барасың ба, қазір бәрі бар ғой. Біздің кезімізде ештеңе жоқ еді. "Әйел боянбау керек" дегенге де қарсымын. Әйел боянып, өз-өзіне қарауы керек. Өзінің әйел екенін сезінуі керек. Сол кезде ғана әйел өзіне бақыт сыйлайды. Анам "Балаларым, жас кезде қыдырыңдар, жүріңдер. Жасың келгенде, өзің-ақ ешқайда шыққың келмейді" дейді. Мұны мен туған әпкелеріме де айтамын. Сен өзіңе-өзің уақыт тауып шықпасаң, өмір осылай бітеді", - деді Сейфуллин Жолбарыс.

    Әнші Сейфуллин Жолбарыс: Әйел үйдің күйбең тірлігіне беріле бермеуі керек (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.