jitsu gif
Шоубиз

    "Еркемен бірге сахнаға шықпаймын": Әнші Раим өзінен үлкен әйелімен неліктен ән айтпайды (видео)

    Ерке Есмахан мен Раим
    Ерке Есмахан мен Раим. Фото: instagram.com/erke_esmahan

    Жақында үйленген жас әнші Раим жұбайы Ерке Есмаханмен бірге сахнаға шықпайтынын айтты. Бұл туралы "Хабар" арнасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    "Еркемен бірге сахнаға шықпаймыз. Себебі оның өз әндері, өз хиттары бар. Алда жоспар көп. Ең бірінші мақсатым - жыл сайын бір альбом жазып тұру", - деді әнші.

    Сондай-ақ ол әндерін нақты кімге арнайтынын жасырған жоқ.

    "Барлық әнім жұбайыма арналады", - деді Райым.

    Сұхбат барысында Раим әр концерт алдында қобалжитынын да жеткізді.

    "Қазіргі көңіл-күйім жақсы, керемет, супер. Әрине, қобалжу бар. Басқаларды қайдам, өзімде ір концерт алдында қобалжу болады. Қазір мен жаңа Раимға айналдым. Яғни, отбасылы Раим", - деді әнші.

    Айта кетелік, жас әнші Раим мен Ерке Есмахан шаңырақ көтеріп, хит әндердің авторына Ақтөбеде сырға салынған болатын.

    Екеуі ресми түрде неке қиып та үлгерді.

    "Еркемен бірге сахнаға шықпаймын": Әнші Раим өзінен үлкен әйелімен неліктен ән айтпайды (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.