jitsu gif branding logo appbranding logo app
Шоубиз

    "Қызанақ, қияр өсіреміз": Артур Төлепов актерліктен бөлек немен айналысатынын айтты

    Артур Төлепов
    Артур Төлепов. Фото: instagram.com/arturtolepov

    Көпшілікке "Жаужүрек мың бала" фильмі арқылы танылған актер Артур Төлепов кино әлемінен бөлек қандай бизнесі барын айтты. Өнер иесі "Ревю" бағдарламасында жылыжайда көкөністер өсіретінін мәлім етті, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    "Кәсіптеміз. Жылыжай бизнесімен айналысамыз. Қызанақ, қияр өсіреміз. Көтерме саудамен айналысамыз. Бір гектар жеріміз бар. Сол жерде қияр мен қызанақ өсіреміз. Келесі жылдан бастап құлпынай өсіргіміз келіп отыр", - деді Артур Төлепов.

    Айта кетейік, Артур Төлепов көпшілікке "Жаужүрек мың бала" фильмі арқылы танылды. Актер мұнан бөлек "Зәуре", "Шалғайдағы оқиға", "Нартәуекел" секілді телехикаяларға түскен.

    Естеріңізге сала кетейік, Артур Төлепов 2018 жылы шаңырақ көтерді. Бүгінгі таңда актер мен жұбайы екі бала тәрбиелеп отыр.

    "Қызанақ, қияр өсіреміз": Артур Төлепов актерліктен бөлек немен айналысатынын айтты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.