jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Нұр Еркін
    Нұр Еркін
    Бұрынғы қызметкер

    Көпшілікке "Күлпаш" рөлімен танылған актер Берік Тұрсынбеков өмірде қандай адам

    Берік және Қарлығаш Тұрсынбековтер
    Берік және Қарлығаш Тұрсынбековтер. Фото: "Ұйқым келмейді" бағдарламасы

    Көпшілікке "Күлпаш" рөлімен танылған Берік Тұрсынбеков "Ұйқым келмейді" бағдарламасында жан сырын ақтарды. "Шымкент шоу" әзіл-сықақ театрының жұлдызды жұбы Берік және Қарлығаш Тұрсынбековтер "Күлпаштың" өмірде қандай адам екенін айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Қарлығаш Тұрсынбекованың айтуынша, жұбайы Берік өмірде сабырлы адам.

    "Бекеңнің (Берік Тұрсынбеков - ред.) сахнадағы Күлпаш образына қарап, адамдар жанында күліп отырып шай ішеміз деп ойлайды. Қазір күлкіні қатырады деп ойлайды. Бірақ бес минут бетіне қарап отырып, "Жақсы онда" деп кетіп қалады. Берік өмірде сөйлемейді ғой", - деді Қарлығаш Тұрсынбекова.

    Ал Берік Тұрсынбеков "Күлпаш" рөліне сеніп қалған көрермендерінің кейде өзін ер адам деп қабылдамайтынын айтты.

    "Кей ауылға барғанда әйелдердің сұрақтарына жауап таппай, тоқтап қаласың. Тіпті бар ғой, рөлімді шын деп қабылдап қалғаны сонша, мені ер адам деп қабылдамайды. Балаларына "Кел, Күлпашпен суретке түсеміз" деп жатады. Олар менен қорқып, қашады", - деді Берік Тұрсынбеков.

    Айта кетейік, бағдарлама барысында жұлдызды жұп үш ұл тәрбиелеп отырғанын жеткізді.

    Көпшілікке "Күлпаш" рөлімен танылған актер Берік Тұрсынбеков өмірде қандай адам

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.