jitsu gif
Шоубиз

    "Ауылдың баласымын": Ресейліктерді әндерімен таңдай қақтырған зағип жігіт ата-анасы жайлы айтып, жан сырын ақтарды

    Кенжебек Нұрдолдай
    Кенжебек Нұрдолдай. Фото: Тимур Балымбетов

    Әлеуметтік желі арқылы әндерімен көпшілікке танылған қарағандылық жігіт Кенжебек Нұрдолдай ата-анасының қолдауы жайлы айтып, жан сырын ақтарды. Тимур Балымбетовке сұхбат берген әнші ауылдың баласы екенін жасырмады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Бағдарлама жүргізушісі Тимур Балымбетов Кенжебек Нұрдолдайдың бала кезде атқа мініп, велосипед айдап өскенін атап өтті.

    "Ауылдан шыққан, атқа мінген адаммын ғой. Негізі тектілік тұқым қуады дейді ғой. Ата-анама үлкен алғыс. Әкем жоғары білімді адам емес. Әкем ауылда үй шаруасын істейтін. Анам химия пәнінен беретін ұстаз болды. Мен дүниеге келдім. Әкем ірі кісі болатын. Ауылдың адамдары көлігі сынса, әкеме көмек сұрап келетін.

    Әкемнің маған көп септігі тиді. Бала кезден өзіммен-өзім жүре алуым үшін үлкен ықпалын тигізді. Анам әйел адам болғасын, қорғаштайтын. Әкемнің мінезі болды. "Өзі жүрсін. Өзі көрсін" дейтін. Әкем бала кезден мінезбен тәрбиеледі. Қазіргі жеткен жетістігім, тұлға болып қалыптасуым - әкемнің берген көмегінің арқасында", - деді Кенжебек Нұрдолдай.

    Естеріңізге сала кетейік, Кенжебек Нұрдолдайға халық ақша жинап, Алматыдан 2 бөлмелі пәтер алып берген болатын.

    "Ауылдың баласымын": Ресейліктерді әндерімен таңдай қақтырған зағип жігіт ата-анасы жайлы айтып, жан сырын ақтарды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.