jitsu gif branding logo appbranding logo app

    "Денсаулығы әлі тәуір емес": Шетелде емделіп жатқан Жүрсін Ерман елдегі айтыстардың бірінде төбе көрсетті (фото)

    Жүрсін Ерман айтыста
    Жүрсін Ерман. Фото: facebook.com/dulat.tastekeyev

    Сырқатына байланысты Еуропада емделіп жатқан Жүрсін Ерман қайтадан айтысты бой көрсетті. Бұл туралы кәсіпкер Дулат Тастекеев өз парақшасында жазды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Жанкештілік емей немене? 72 жасында сынақ қып берген сырқатты сырғытып артқа тастаса да, ұзақ алған ем-домнан кейін толық қалпына келіп үлгермеген Жүрсін ағамыз айтыс алаңына келіп, жарқ етіп, жастарға жалын бергендей болды. Ол кісіні көрген кез-келген құлыншақтың көсіліп шауып, Жүрсіннің жүйріктері қатарынан орын алғысы келері анық.

    Бүгін жастар арасындағы жүйелі түрде өтетін айтыстың 1-ші күні немесе туры басталды. Ертең түстен кейін Алатау дәстүрлі театрында жалғасын таппақ. Айтысқа деген шынайы да нағыз көңілі болмаса, осындай батырлықты Жүрсін ағамыздың істемесі анық. Әркімге шыбын жаны тәтті ғой.

    Дулат Тастекеев пен Жүрсін Ерман айтыста қазылық етуде
    Дулат Тастекеев пен Жүрсін Ерман. Фото: facebook/dulat.tastekeyev

    Ақылдылығымен абызға айналған ағамыздың бүгінгі бұл қадамын мен ешқандай аңқалдық емес, саф өнерлеріміздің маржаны айтысқа деген махабатының дәлелі деп танимын. Сөйлеген сөзімде: "Соңғы 50 жылға жуық жасаған қызметі үшін Жүрсін ағамызға айтыс та, яғни қазақ та қарыздар",- дедім. Артық кеттім деп ойламаймын. Қолдарсыздар.

    Ағамыздың денсаулығы да әлі толыққанды тәуір емес. Дегенмен жігері жұқалмаған. Айтыстың қара нары -Жүрсін Ерманға бақытты да аман-сау ұзақ ғұмыр тілеп қойыңыздаршы", - деп жазды Тастекеев.

    "Денсаулығы әлі тәуір емес": Шетелде емделіп жатқан Жүрсін Ерман елдегі айтыстардың бірінде төбе көрсетті (фото)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.