jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ақырыс Сейтқазы
    Ақырыс Сейтқазы
    Бұрынғы қызметкер

    "Қайратты Түркістанда босанамын деп ойламадым": Гүлзира Айдарбекова тұңғыш ұлына қатысты қызық деректі бөлісті

    Гүлзира Айдарбекова кішкентай ұлы Қайратпен
    Гүлзира Айдарбекова кішкентай ұлы Қайратпен. Фото: "Түркістан" арнасы

    Танымал продюсер әрі әнші Гүлзира Айдарбекова "Түркістан" арнасына сұхбат беріп, тұңғышын киелі шаһарда дүниеге әкелгенін айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    "Тұла бойы тұңғышымды, Қайратымды Түркістанда дүниеге әкелдім. Негізі, Қайратты Түркістанда босанамын деп ойламадым. Бірақ біз студент болдық. Одан кейін, енемнің қолында болғым келді. Жолдасымның анасы Қаражон ауылында тұратын. Сол жерде үш айдай тұрып, кейін Алматыға келдік", - деді Айдарбекова.

    Гүлзира Айдарбекова күйеуі Нұртаспен де Түркістанда танысқанын айтты.

    "Алғашқы махаббатымыз Түркістаннан басталды. Нұрекеңмен де Түркістанда танысқанмын. Біздің есімізде қалатын тарихымыздың барлығы Түркістаннан басталды. Сол үшін маған бұл қала ерекше. Мен ағамның қолында тұрдым. Нұрекең де өзін үшінші сыныптан бастап қолына алған ағасының қолында өсті. Екеуміз демалыс бағына, дискотекаға баратынбыз", - деді продюсер.

    "Қайратты Түркістанда босанамын деп ойламадым": Гүлзира Айдарбекова тұңғыш ұлына қатысты қызық деректі бөлісті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.