jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ақырыс Сейтқазы
    Ақырыс Сейтқазы
    Бұрынғы қызметкер

    "Кемінде үш жыл тұруы керек": Жазира Байырбекова жастардың ата-енеден бөлек кетуіне қарсы шықты

    Жазира Байырбекова
    Жазира Байырбекова. Фото: instagram/zhazira_bairbekova

    Әнші Жазира Байырбекова қазіргі жастар мен ата-аналарға өз кеңесін айтты. Белгілі өнер жұлдызы жас жұбайлардың қара шаңырақтан бірден бөлек кетуімен келіспейді, деп хабарлайды "Ел" бағдарламасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    "18 жасымда тұрмысқа шықтым. Ата-анам қарсы болды, мұны дұрыс деп санаймын. Сол кезде мен өзімді үлкен адаммын деп ойлаппын. Қазір қарап отырсам, 18 жас балалық жас екен ғой. Балалықтың да кейде пайдасы болады екен. Ата-ененің қолындай екі жылдай тұрдық. Сол екі жыл мәңгілік есімде қалды. Сол екі жыл өмірімде бір бөлек болса, қалған өмірім - бір бөлек.

    Өйткені мен өте ерке қыз болдым. Ата-анам мен не айтсам, соны істейтін. Сол екі жыл соның бәрін керісінше жасап, мені мықты әйел қылып шығарды. Ол кездегі жайттарды қиындық деп айту ұят болар. Қазіргі жастар мұның бәрін кинодағыдай екен деп, ұйып тыңдайды. Ата-ененің қолында тұру, олардың батасын алып, бауыр басу келінге керек нәрсе деп ойлаймын. Әрі қарай өсіп, дамып, шыңдалу үшін керек.

    Бүгінгі ата-енелер өз күнін өзі көрсін деген оймен, отбасын құра сала, жастарды бөлек шығарады. Сонда ол күйеуінің ата-анасына қай кезде бауыр басады? Бауыр басып, өз отбасындай сезіну үшін ата-ененің қолында кемінде үш жыл тұруы керек. Мен екі жыл аз тұрыппын", - деді Жазира Байырбекова.

    "Кемінде үш жыл тұруы керек": Жазира Байырбекова жастардың ата-енеден бөлек кетуіне қарсы шықты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.