jitsu gif
Шоубиз

    "Тәуекел мейірім бермедің дейтін": танымал актердің анасы балаларына жеткілікті көңіл бөлмегенін мойындады

    Галина Мамажан бағдарлама эфирінде
    Галина Мамажан. Фото: "Жетінші" арна

    Елімізге танымал актер Тәуекел Мүсілімнің анасы Галина Мамажан ұлының балалық шағы туралы әңгіме қозғап, оған бала кезінде жеткілікті мейірім бере алмағанын айтты, деп хабарлайды "Қыздар-ай" бағдарламасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    "Менің Тәуекелім: "Сіз бізге қарамайтын едіңіз, ыстық ықыласыңызды бермейтін едіңіз. Келесіз, кетесіз жұмысқа, тамақ бересіз. Сөйлеспейсіз де...", - дейді кейбір кезде. "Сендерді асырап-бағамын деп, қарайтын уақытым да болған жоқ", - деймін. Мейіріміңді көрсетпедің деп, есінде сақтап қалған. Ал менің балаларды асыраймын деп, көп көңіл бөлуге уақытым болған жоқ. Бәріне үлгеруім керек еді.

    Қазіргі балалар енді соткаға көп қарайды. Оны бермесең, тамақтың үстінде бақырып, шақырып, бәрін шашып тастайды. "Менің көзімше ұрмаңдар, жүрегім шыдамайды", - деймін. Ол болса: "Бізді кезінде ұрдыңыз ғой. Енді немереңізді ұрғызбайсыз", - деп күледі. Кезінде оларды ұрсам, жаман болсын деп ұрмадым. "Сіз мені шыбықпен ұрдыңыз ғой", - дейді. Әлі күнге дейін соны айтады", - деді ұлының балалық шағын еске алған Галина Мамажан.

    "Тәуекел мейірім бермедің дейтін": танымал актердің анасы балаларына жеткілікті көңіл бөлмегенін мойындады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.