jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ақырыс Сейтқазы
    Ақырыс Сейтқазы
    Бұрынғы қызметкер

    "Күйеуіммен ажырассам да, енеммен араласамын": Тәуекел Мүсілімнің анасы қайын жұртымен байланысы үзілмегенін айтты

    Галина Мамажан
    Галина Мамажан. Фото: "Жетінші" арна

    Елімізге белгілі актер Тәуекел Мүсілімнің анасы Галина Мамажан "Жетінші" арнадағы "Қыздар-ай" ток-шоуында қонақ болып, әлі күнге дейін енесімен сәлемі түзу екенін жасырған жоқ, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    "Кезінде Тәуекелдің әкесімен біраз қатыспай жүрдік. Содан соң әкесі келіп тұрды. Бірақ кішкентай болған соң, түсінбейді ғой... Неге ажырасып кеткенімізді білмейді. Бесінші, алтыншы, жетінші класқа келгенде әкесінің жағына барып тұрды. Есейе келе әкесінің жағына барып, оның біраз тәрбиесін көрді. "Әкем ертерек кетті, әйтпесе, біраз тәрбиесін көретін едім", - деп айтады өзі де. Әлі күнге дейін енеммен қатысып тұрамын. Күйеуіммен ажырасып кетсем де, қайын жұртыммен араласып тұрдым. Әлі күнге дейін сәлемім түзу", - деді Галина Мамажан.

    Анасының айтуынша, актердің есімін әкесі қойған.

    "Атын әкесі қойды. Ең басында қарсы болдым. Бұл қандай ат деп.... Әкесінің мінезі қатал болатын. Солай қоямын деп шешті", - деді Тәуекел Мүсілімнің анасы Галина.

    "Күйеуіммен ажырассам да, енеммен араласамын": Тәуекел Мүсілімнің анасы қайын жұртымен байланысы үзілмегенін айтты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.