"Үйге қарай қашамын": Мәди Рымбаев кішкентай інісінің өз өміріне қалай әсер еткенін жеткізді
Опубликовано:

Роза Рымбаеваның кіші ұлы Мәди Рымбаев отбасының тағы бір адаммен толыққанына ерекше қуанғанын жасырмады. Бұл туралы ол НТК арнасына берген сұхбатында айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
"Менің балам сияқты. Ол менің ішімдегі махаббаттың жаңа деңгейін ашқандай. Үзіліс болса, үйге қарай қашамын. Иіскеймін, бірге жүремін, әңгімелесемін. Сөзбен жеткізе алмайтын сезім. Қатты жақсы көрем сол баланы", - деді Мәди.
Әли Оқапов пен Ақерке Бүркітбайдың тұңғыш баласы, ал Роза Рымбаеваның тұңғыш немересі Зейін есімін алған.
"Ресми түрде мен ерке емеспін енді. Маманың немересі бар. Бүкіл назар, бүкіл махаббатты сол бала алатын болды. Мен тек қуаныштымын. Негізі, біздің отбасымызда қатты еркелету деген болмайды. Кішкентай кезімде де мені тым қатты өбектемеген. Бірақ бәрі мені қатты ерке деп ойлайды. Мен жай ғана үйдің кенжесімін", - дейді ол.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/showbiz/personal-life/2017301-uige-qarai-qasamyn-madi-rymbaev-kiskentai-inisinin-oz-omirine-qalai-aser-etkenin-zetkizdi/