jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Нұр Еркін
    Нұр Еркін
    Бұрынғы қызметкер

    Әли Оқапов ұлы Зейіннің кімге ұқсайтынын айтты (видео)

    Әли Оқапов отбасымен
    Әли Оқапов отбасымен. Фото: instagram.com/aliokapov

    Отандық әнші Әли Оқапов пен жұбайы Ақерке Бүркітбай биылғы жылдың ақпанында ұлды болды. Әли Оқапов баласының кімге ұқсағанын "Без прикрас" бағдарламасында айтып берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    "Зейін аққұба өңді. Оның қандай болатыны бізге қызық болды. Өйткені, біздің (жұбайы екеуінің - ред.) өңіміз әр түрлі. Бірақ бет әлпеті күн санап өзгеріп жатыр. Суреттеу мүмкін емес. Бірақ анам менің бала кезде тура Зейін секілді болғанымды айтады. Себебі, бала кезде біздің де келбетіміз басқаша болады ғой. Оны аққұба Әли Оқапов болады деп үміттенемін", - деді Оқапов бағдарлама барысында.

    Естеріңізге сала кетейік, Роза Рымбаеваның немерелі болғаны жайлы ақпарат биылғы жылдың ақпанында желіге тарады. Ал кейінірек халық әртісі Роза Қуанышқызы көптен күткен тұңғыш немересі Зейіннің бесік тойын жасап, қонақтардың басын қосты.

    Осыдан кейін Әли Оқапов көпшілікке ұлын көрсетіп, әйеліне су жаңа темір тұлпар сыйға тартты.

    Әли Оқапов ұлы Зейіннің кімге ұқсайтынын айтты (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.