"Алтыным": отау құрғанына 16 жыл толған Тоқтар Серіков жұбайына сезімін білдірді
Жарияланған күні:

Отандық жұлдызды жұп 16 жыл толған. Әнші Тоқтар Серіков жұбайы Бейбіт Сейдуалиеваны айтулы мерекемен құттықтап, сезімін жылы лебізі арқылы жеткізді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
"Бұл біз үшін ерекше күн. Отау құрғанымызға - 16 жыл. Алтыным, әлемде мен үшін шын тілеуші бар болса - ол сенсің. Алла бізге бірге бақытты болуды нәсіп етсін", - деді Тоқтар Серіков Instagram парақшасында.
Желі қолданушылары да жұлдызды жұпты отау құрған күнімен құттықтап, тілегін жеткізді.
"Бақытты болыңыздар", "Бірге қартаюды нәсіп етсін", "Бар жақсылықты тілейміз", - деп жазды желідегілер.
Айта кетейік, осыған дейін Тоқтар Серіков Бейбіт Сейдуалиеваны ең алғаш көрген кезін еске алып, екеуінің жұп болуына халықтың әсер еткенін мәлім еткен болатын.
Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Тоқтар Серіков коронавируспен ауырған кезін еске алған болатын.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/personal-life/2017928-altynym-otau-qurganyna-16-zyl-tolgan-toqtar-serikov-zubaiyna-sezimin-bildirdi/