jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Нұр Еркін
    Нұр Еркін
    Бұрынғы қызметкер

    Әсел Сәдуақасова жолын ашып берген Ерке Есмаханға алғыс айтты (фото, видео)

    Әсел Сәдуақасова сүйіктісімен
    Әсел Сәдуақасова сүйіктісімен. Скриншот: instagram.com/asselsadvakassova

    Өзінен 7 жас кіші сүйіктісін жолықтырған Әсел Сәдуақасова әнші Ерке Есмаханға алғыс білдірді. Актриса бұл жайлы Instagram парақшасында жазды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    "Мен ғашық болып қалғанымды білгенімде қатты қуандым. Бірақ оның менен кіші екенін түсініп, ойға батып жүрдім. Мен өмірде кездесетін белгілерге сенемін. Таиландта жүріп, осы туралы ойландым. Сондықтан бір белгі берілетін сәтті күтуге шешім қабылдадым.

    Ойлардан арылып, әлеуметтік желіні ашқаным сол еді, Гүлназ Жоланова Ерке Есмаханның мешітте неке қиған суретін жариялағанын көрдім. Бұл маған берілген белгі еді. Мен түсіндім дедім де, "Ерке, жаным, рахмет" деп Ерке Есмаханға алғысымды білдірдім. Расында, Ерке шектеу мен қатып қалған көзқарастан менің жолымды ашты", - деп жан сырын ақтарды Әсел Сәдуақасова.

    Айта кетейік, әнші Ерке Есмахан өзінен 12 жас кіші отандық әнші Раим Бақтыгереевпен мұсылманша некесін қидырып, отау құрған болатын.

    Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Әсел Сәдуақасованың сүйіктісі жайлы ақпарат желіге тарап кеткен болатын. Актрисаның таңдауы өзінен 7 жас кіші азаматқа түскен.

    Әсел Сәдуақасова сторис
    Әсел Сәдуақасова сторис. Скриншот: instagram.com/asselsadvakassova

    Әсел Сәдуақасова жолын ашып берген Ерке Есмаханға алғыс айтты (фото, видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.