Асхат Тарғын 70 млн теңгеге коттедж салып, ата-анасын Ақтөбеден көшіріп алды
Жарияланған күні:

Осыдан біраз уақыт бұрын отандық әнші Асхат Тарғын құны 70 млн теңге болатын коттедж үйін көрсеткен болатын. "Жұлдызды шаңырақта" бағдарламасында әнші үйінің құрылысы біткеннен кейін Ақтөбеде тұратын ата-анасын қолына көшіріп алғанын айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
"Осы жерден біраз әншілер үй алып жатыр екен. Қалаға жақын. Екі қабатты үй. Негізі бір қабатты үй қылам деген едім. Мына кісі (әншінің әйелі - ред.) үйді екі қабатты қыл деді.
Үй 420 шаршы метр. Екінші қабатта бес бөлме бар. Үйдің кірпішін 2019 жылы қалап бастадық. Карантин уақытында үйдің құрылысы бітпей тұрып қалды. 2021 жылы үйдің төбесін жауып, қоршауын салдық. 2022 жылы құрылысты толық бастадық. Шынын айту керек, үйді тойдың арқасында салдым. Менде тойдан басқа табыс жоқ", - деп айтты Асхат Тарғын.
Бағдарлама барысында әншінің ата-анасы Ақтөбеден Алматыға көшіп келгенін айтты.
"Баланың кенжесі. Осы бала ғой бізді бағатын. Қай баламыз да тастамайды. Бірақ баланың кенжесі болғасын - шаңырақтың иесі осы бала. Бізге, шалымыз екеуімізге бірінші қабаттан үй берді. Барлығы жақсы", - деді әншінің анасы.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/personal-life/2018161-asxat-targyn-70-mln-tengege-kottedz-salyp-ata-anasyn-aqtobeden-kosirip-aldy-foto/