jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Нұр Еркін
    Нұр Еркін
    Бұрынғы қызметкер

    "Әйеліңді өзгертпе": Дәурен Айдарқұлов отбасылы жігіттерге кеңес берді (видео)

    Дәурен Айдарқұлов
    Дәурен Айдарқұлов. Фото: instagram.com/daurenaidarkulov

    Отандық актер Дәурен Айдарқұлов шаңырақ көтерген жігіттерге отбасын сақтау жайлы кеңес берді. Өнер иесі желіде отбасылы өмірде өзі жіберген қателігін бөлісті, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    "Әйелім екеуіміз ата-анаммен бірге тұрған уақытта олардың (анасы мен әйелі - ред.) арасында түсінбеушіліктер туындайтын. Менің ойымша, бұл жағдай көпшілігіне таныс. Осындай түсінбеушілік туындағанда ыңғайсызданатынмын. Негізінде анам мен әйелім де мұндайда ыңғайсыз жағдайда қалады.

    Бірақ мен болған жағдайға үнемі әйелімді кінәлайтынмын. Мен оған "Неге олай айтасың? Неге былай айтпайсың? Неге осылай жасайсың? Неге былай жасамадың" дейтінмін.

    Ал шынына келгенде, маған әйелімді емес, өзімді өзгертуім керек еді. Себебі, әйелің сенің ата-анаңмен қандай қатынаста екеніңді көреді. Сенің ата-анаңды қалай жақсы көретініңді, бағалайтыныңды біледі. Оның да ата-анаңа деген қарым-қатынасы сенікіндей болады.

    Себебі, ол сенің ата-анаңды қадірлемейтініңді түсінеді. Сондықтан, жігіттер әйеліңді өзгертпе, ата-анаңа деген қатынасыңды өзгерт", - деді Дәурен Айдарқұлов Instagram парақшасында.

    "Әйеліңді өзгертпе": Дәурен Айдарқұлов отбасылы жігіттерге кеңес берді (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.