jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ақырыс Сейтқазы
    Ақырыс Сейтқазы
    Бұрынғы қызметкер

    "Өлім мен өмір арасындағы арпалыс": Мұрат Қожа екі жыл бойы жұмбақ аурумен күрескен

    Мұрат Қожа
    Мұрат Қожа. Фото: instagram/murat_khozha

    Танымал әнші, "Нұрлан мен Мұрат" дуэтінің, "Каспий" тобының бұрынғы мүшесі Мұрат Қожа біраз уақыт бойы сахнадан қол үзіп қалуының себебін айтты, деп хабарлайды "Ұйқым келмейді" бағдарламасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    "Алла сүйікті құлдарын сынайды деген бар ғой. Соны ойлап, шүкіршілік етіп жатамыз. Алланың сүйіспеншілігіндегі адаммын деп, өзімді жұбатып, мақтанамын. Менің ауруымды ешкімге тілемеймін. Айтатындай зат емес, құдай сақтасын. Өте қатты нәрсе...

    Өлім мен өмір арасындағы арпалыс. Жеңе алмайтыныңды түсінетін аурулар болады ғой. Менің ауруым - түсініксіз ауру. Не аяқ жасамайды, не қол жасамайды. Диагноз жоқ.

    Алматы мен Астанадағы барлық дәрігерге бардым. Ешкім білмейді. Ең соңында екі қолымды көтерген сияқты болдым. Осымен Аллаға ғана табыстаймын дедім.

    Карантин басталып жатқан кез, имамдарға хабарласып, ватсаппен дем салдырдым. Медицина көмектесе алған жоқ. Үмітім үзілді дейтін жаман ауру да емес. Адам түсінбейтін нәрсе болды. Тек Алладан үміт үзбедім. Аяғымнан тұрғызшы деп жалындым. Үлкен сынақ, қатты сынақ болады. Қолыңа ештеңе ұстай алмау, аяғыңа тұра алмау...

    Алла көп нәрсені түсіндіру үшін осындай сынақ беретін шығар. Әр нәрсенің қадірін білуді үйреткен ауру болды. Достың, ағайынның, әйелің мен балаңның қандай екенін көрсетті. Бір аурумен бәрінің қадірін ұқтырды. Екі жыл ауырдым. Емі Алладан болды", - дейді Мұрат Қожа.

    "Өлім мен өмір арасындағы арпалыс": Мұрат Қожа екі жыл бойы жұмбақ аурумен күрескен

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.