jitsu gif
Шоубиз

    "Әйелім қатты қызғаншақ": Тәуекел Мүслім отбасылық өміріндегі құпияларды ашты

    Тәкеуел Мүсілім жұбайы Махаббатпен. Фото
    Тәкеуел Мүсілім жұбайы Махаббатпен. Фото: Instagram/mahonti__

    Танымал актер әрі тележүргізуші Тәуекел Мүсілім әйелі Махаббатпен арадағы сезімі туралы айтып, "Оян" бағдарламасына сұхбат берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Актердің айтуынша, оның адамға ғашық болуы қиын. Бірақ жұбайы Махаббатты көргенде, бірден ғашық болған.

    "Мен негізі адамға тез ғашық болмаймын. Адамды таным-білу үшін уақыт керек. Алайда Махаббатты көргенде ерекше сезім болды. Оны бірден ұнаттым. Керемет сезім болды. Он балдық жүйемен есептейтін болсам, өзімнің қызғаншақтығыма он балл беремін. Қызғаншақпын. Әйелім де қызғаншақ, он балл. Бірақ біз оның барлығын шешіп алдық. Отбасылық өмірде адамның мінсіз еместігін түсіну керек. Барынша қолдау көрсету қажет. Ортақ идея болғаны дұрыс", - деді ол.

    Сондай-ақ Тәуекел әйеліне қаншалықты жиі сыйлық беріп тұратынын айтты.

    "Мәһрге әшекей бұйым сұраған. Қалған кездері ол өте экономды қыз. Бірақ жағдайым болған сайын, оны сыйлықтармен қуантуға тырысамын. Күніне міндетті түрде сүйіп, еркелетемін. Бала кезімде бес балам болса деп армандайтымын. Қазір екі баланың өзін бағу оңай еместігін түсіндім. Сондықтан үш балалы болып, соларды аяққа тұрғызсақ деген арманым бар", - деді Тәуекел.

    "Әйелім қатты қызғаншақ": Тәуекел Мүслім отбасылық өміріндегі құпияларды ашты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.