jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Рамазан Есмағамбетов
    Рамазан Есмағамбетов
    Бұрынғы қызметкер

    Әйгілі "крестный отец" фильмінде ойнаған жасы 80-ге келген актердің жетінші сәбиі өмірге келді

    Әйгілі актер Роберт Де Ниро
    Әйгілі актер Роберт Де Ниро. Фото: Kevin Winter/Getty Images

    Әйгілі "Крестный отец", "Стажер" фильмінде ойнаған танымал америкалық актер Роберт Де Нироның жақында жетінші баласы дүниеге келді. Бұл туралы ол ET Canada басылымына берген сұхбатында айтқан.

    "Жақында тағы бір балам дүниеге келді", - дейді 79 жастағы Голливуд жұлдызы.

    Роберт Де Нироның өкілдері бұл ақпаратты растаған, бірақ баланың анасы кім екені әзірге белгісіз.

    Сондай-ақ басылымға берген сұхбатында Роберт Де Ниро өзінің қандай әке екенін айтып, кейде балаларына қатал болатынын да жасырмаған.

    "Балаға ештеңе істей алмайсың. Әрине, қашан да дұрыс шешім қабылдағың келеді, бірақ кейде қолыңнан келмейтін кездер болады. Меніңше, әрбір ата-ана сөзіммен келіседі", - дейді Де Ниро.

    Айта кетейік, Роберт Де Ниро екі рет үйленген. Актердің бірінші әйелі актриса және әнші Дайан Эбботтан екі баласы бар. Роберт актрисаға үйленген кезде оның үлкен қызы Дренаны асырап алған. Қалған екі баласы бұрынғы әйелі Грейс Хайтауэрдан.

    Сонымен қатар Роберт Де Ниро бұрынғы сүйіктісі Туки Смиттен туған егіз ұлдың әкесі.

    Әйгілі "крестный отец" фильмінде ойнаған жасы 80-ге келген актердің жетінші сәбиі өмірге келді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.